5.2. Өндіріс және өнеркәсіп кәсіпорындарындағы энергия тасымалдағыштардың таралу жүйелері
Отын балансы, энергетикалық баланстың негізгі көрсеткіштері.Энергетикалық баланс - энергиямен қамтамасыз ету жүйесіндегі жылу шығыны, бу энергиясы, конденсат шығыны және олардың қайтарымдарының барлығын қамтитын кешенді сипаттамасы болып келеді. Оның негізгі құрамдас бөліктеріне энергия кірісі мен шығыны жатады. Энергия шығыны – белгілі жағдайлардағы энергия тұтынуы, кірісі - өнеркәсіптің қажеттілігін толығымен қамтамасыз ететін бөлігі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының энергетикалық балансы: отын- энергетикалық, бу-конденсатты, толық және жартылай болып бөлінеді. Толық - өнеркәсіпті энергиямен тиімді қамтамасызетуге арналған, жартылай - өнеркәсіптік кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз етудің жекеленген мәселелерін шешуге арналған. Сонымен, өнеркәсіптік кәсіпорынның отын-энергетикалық балансы әр энергия түрлерінің өндірісі мен тұтынуы арасындағы ара қатынас.
Егер энергия тасымалдағыш ретінде су буы қолданылса, онда бу-конденсатты баланс бағаланады. Яғни, бу өндіру, оның энергиясын тұтыну, тасымалдаудағы шығындар – бәрі есепке алынады. Сондықтан осы көрсеткіштерді дұрыс есептеу - өнеркәсіптік кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз етудегі, жөндеу жұмыстарын жүргізудегі маңызды мәселердің бірі болып келеді.
Отын – энергетикалық баланстың тиімді құрылымы деп - энергия қорларына, оның қолдануына кәсіпорынмен немесе басқа тұтынушылармен жұмсалған шығындары неғұрлым экономикалық тұрғыдан тиімді болуын айтады. Ол үшін үлкен әрі күрделі дайындық жұмыстары - өнім өндірудегі қолданатын техникалық-экономикалық көрсеткіштер жайлы көп ақпараттар, түрлі энергия қолданғандағы көрсеткіштер, олардың бір - бірін алмастыру мүмкіншіліктері т.б. жұмыстар жүргізіледі. Соңғы кездері мұндай күрделі мәселелерді шешуге, яғни кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын жобалауға математикалық модель құру әдісі қолданылады. Оның негізі - кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын сандық көрсеткіштермен көрсететін теңдеулер жүйелері құру нәтижесінде экономикалық-математикалық модель жасауға жүгінеді. Сызықтық бағдарламалаудағы негізгі мәселелер – мақсат қою, оған жету жолдары, яғни өндіріс көлемі, отын қорлары, энергия тұтынуы болып табылады.
Отын – энергетикалық балансты құруда қолданатын түпнұсқалық ақпараттың шынайы және дәл болудың маңызы өте жоғары. Кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын жобалауда келесі мәліметтер қажет:
а) өндірістің түрлі өнімдер өндіру жобасы;
ә) әр өнімді өндіруде қолданатын технологиялық тәсілдер мүмкіншіліктері;
б) әр технологиялық тәсілдің техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
в) өнім өндіруде қолданатын отын және энергия қорлары мен мүмкіншіліктері.
Әр технологиялық тәсілдердің энергетикалық қорларының меншікті шығыны есептелуі керек. Одан кейін ол есептеулерді қаржылық тұрғыдан жасайды (әр өнім бойынша).
Булы-конденсат балансан құру үшін – әр тұтынушыға келетін бу мөлшері мен қайтатын бу мөлшері арасындағы айырмашылықты есептейді. Бұл есептеуді жекеленген цехтар немесе кәсіпорын бойынша тұтас жасалады.
Баланстың сақталмауы бірнеше себептерден болады: өндірістік будың тұтынылуы, жыл мерзімі, ай, тәулік, тіпті сағат бойы өзгеріп отырады. Сол сияқты оның өндірілуі де өзгеріп отырады. Мысалы, қазандықта нмесе басқа бөліктерде жөндеу жұмыстары жүргізілгенде бу өнімділігі күрт төмендейді (300 т/сағ. – 0 дейін, орта мәні 100). Мұндай ауытқулар бу өндіру балансына өте әсер етеді. Сондықтан балансты жобалауда бұндай ауытқу мүмкіндіктерін мұқият есептеу керек. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда бу энергиясымен қамтамасыздауда тұрақтылық сақталу керек, яғни энергия беруде оның көлемінің күрт төмендеуі болмаған жөн. Мысалы, бу қысымының күрт төмендеуі қондырғылардың істен шығуына, тіпті технологиялық үрдістің тоқтауына әкеліп соқтырады. Сондықтан мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін арнайы қосымша агрегеттар мен қодырғылар (бу қысымының өзгеруіне сезімталдығы төмен) қолданады. Сонымен қатар,құбыр ішіндегі қозғалмалы будың энергиясын бойына жинақтайтын генераторлар қолданылса, баланс сақталмау әсері азаяды. Артық бу болғанда, оның энергиясын босқа жоғалтпай, қосымша құрылғыға жинау мүмкіндігі болуы керек.